Жетісудың тарихи-мәдени мұрасы танымдық туризмді дамыту факторы ретінде: ежелгі кезеңдері мен қазіргі әлеуеті
DOI:
https://doi.org/10.59649/2959-5185-2024-3-49-57Түйін сөздер:
палеолит, неолит, андронов мәдениеті, бегазы-дандыбаев мәдениеті, исседондар, аргиппейлер, аримаспылар, савроматтарАннотация
ХХ ғасырдың 90-жылдарынан бастап Қазақстандағы туризмді дамытудың барлық дерлік бағдарламаларында келу туризмін басым дамыту қажеттілігі жарияланады. Алайда, бүгінде отандық туристік кәсіпорындардың басым көпшілігі тұтынушыларды алыс шетелге жіберуге бағытталған. Біздің көзқарасымыз бойынша, туристік фирмалардың тек аз бөлігі ғана «қабылдау» қызметімен айналысуының себебі – бұл жұмыс ең көп күш пен уақытты қажет етеді, өйткені туроператорлық қызметті атқаратын мамандардан өз аймағының жергілікті тарихы мен мәдениетін терең білуді талап етеді. Бұл білім, атап айтқанда, аймақтың бай тарихын ашатын материалдарға негізделген ерекше турларды жасауға мүмкіндік береді. Жалпы алғанда тарихи үрдісті уақытпен қарастыру өңірдің экономикасы, қоғамы мен мәдениетінің біртұтас дамуын қалыптастыруға қызмет етеді, сонымен қатар туризм нысандары ретінде ресурстарды өз бетінше бағалауға, топтастыруға және іріктеуге мүмкіндік береді. Сондықтан, Жетісудың ежелгі тарихының кезеңін қысқаша ашатын бұл мақала өзекті болып табылады, өңір бойынша жаңа туристік маршруттар құру үшін негіз бола алады, осылайша біздің республикамызға келу туризмін дамытуға ықпал етеді.